📌 Қабырғаңа алып кет!
#vk.com/entapps
ҰБТ-да қолданылатын Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап 2016 жыл
1. Ява аралынан табылған адам қаңқасы: Питекантроп 1891 жыл
2. Алтын Орданың ең гүлденген кезі: Өзбек хан (1312-1342)
3. Есен-Бұға құрметпен қарсы алып, Моғолстанның Батыс бөлігін берген мәртебелі ханзадалар: Жәнібек хан мен Керей
4. Абылайдан көмек сұраған Жоңғар тағының үміткері: Әмірсана.
5. Шоқан Уалихановтың 1857 жылы Алатау қырғыздарына жасаған сапары кезінде жазып алған аса құнды әдеби туындысы: «Манас»
6. 1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті ұйымдастырып басқарған: А.Иманов
7. Аргипейлерге тән, Тасмола мәдениетіне ұқсас ескерткіштер: Ұлыбай.
8. Янгикент қаласы орналасқан өзен бойы: Сырдария
9. Қасым ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы: Бірнеше иелікке бөлінді
10. «Жеті жарғы» заңдар жинағының негізі осы хандардың заңдар жобасы негізінде алынды: Қасым, Есім
11. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндақұлұлы, Қоштайұлы
12. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша енгізілген басқару жүйесі: округтық
13. Бөкей ордасындағы көтеріліс кезіндегі ірі шайқастар: Тастөбе, Ақбұлақ
14. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды: 1867 жылы
15. Ұйғырлардың Жетісу өлкесі мен Қырғыз жеріне қоныстануы созылған жылдары: 1881-1883 жж
16. Қойған талаптарын ішінара қанағаттандыруға қол жеткізген 1905 жылғы ереуіл өткен кеніш: Успен (Нілді) кеніші.
17. Қазақстанның тұңғыш кеңестік Конституциясы қабылданды: 1937 жылы.
18. Қазақстан жерінде Неміс Автономиясын құруға әрекет жасалған уақыт: Целиноград жастары қарсы шықты – 1979 жылы маусымда
19. Кеңес Одағының өмір сүрген уақыты: 1922-1991 жж
20. Сармат тайпалары санының күрт азаю себебінің бірі: қатты қуаңшылық
21. Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран (Парсы), Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған Түрік қағаны: Иштеми қаған
22. «Ақтабан шұбырынды» кезінде Орта жүз руларының бір бөлігі ығысқан өңір: Самарқанға
23. Ресейде монархиялық билік жойылды: 1917 ж. Ақпан
24. Н.Әбдіров Кеңес Одағы Батыры атағына ие болған шайқас: Сталинград
25. 1960 жылдары трансформатор зауыты салынған қала: Кентау
26. Беғазы – Дәндібай мәдениетіне жататын құмыралардағы өрнектер: Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты
27. 1468 жылы дүниеден өткен Өзбек ұлысының ханы: Әбілқайыр
28. Керей мен Жәнібек хандардың қазақ тарихындағы орна: Қазақ хандығының негізін салушы
29. 1718 жылы Қазақ жерінде салынған бекініс: Семей
30. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт: Петербург келісімі
31. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі: Б.Әшекеев
32. Сақтар Марафон шайқасына қатысқан жыл: Б.з.б 490 ж
33. Қыпшақтардың күшеюінен қауіптеніп өзіне тәуелді етуге ұмтылған мемлекет: Хорезм
34. XIV ғасырдан бастап «қазақ» сөзі ие бола бастады: Этникалық мағынаға
35. Қазақтардың этникалық аумағының негізгі аудандары Қазақ хандығына біріге түсті: Қасым ханның кезінде
36. Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалатын Өтеміс қажының еңбегі: «Шыңғыснама»
37. Жоңғар мемлекеті толық талқандалғаннан кейін жоңғар жерінде құрылды: Қытайдың Шыңжаң аймағы
38. Орынбор қазақтарын (қырғыздарын) басқару туралы Жарғы шықты: 1824 жыл
39. 1891 ж. Ережеге сәйкес Дала генерал-губернаторлығына енген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
40. Ш.Уалиханов Сібір (Омбы) кадет корпусын бітіргендегі жасы: 18
41. «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрген жыл: 1913 жыл
42. Компартияның XV съезі жариялаған бағыт: Ұжымдастыру
43. 1989 жылы қыркүйекте Қазақ КСР-інде қабылданған заң: «Тілдер туралы заңы»
44. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған уақыт: 2004 жыл
45. Ғұндардың әйгілі патшасы Еділ (Аттила) туралы еңбектер жазылып келеді: 6 ғасырдан бастап
46. «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» («Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат») еңбегінің авторы: П.С.Паллас
47. 1837 жылы қарашада Исатай әскерімен жазалаушы отрядтар арасындағы шайқас: Тастөбе шайқасы
48. Түркістан автономиясының өмір сүрген уақыты: 1917 ж қараша 1918 ж ақпан
49. Сталинград түбінде өшпес ерлік көрсеткен минометші, Кеңес Одағының Батыры: Қарсыбай Сыпатаев
50. 1961 жылы жазылып Одаққа танымал болған О.Сүлейменовтың шығармасы: «Аз и Я»
51. Ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті: Ұлы Жібек жолы
52. Есім хан кезінде хандық билік жүзеге асырылған екі қала: Түркістан мен Ташкент
53. XVIII ғ. 70 жылдары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары белсене қатысқан көтіріліс: Е.Пугачев көтерілісі
54. 1841-1889 жылдары өмір сүрген белгілі қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері: Ыбырай Алтынсарин
55. 1920 жылы Қазақ АКСР құрылтай съезі сайлаған жоғарғы өкімет органдары: Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі
56. ҰОС болған жылдар: 1941-1945 жж
57. Ежелгі қаңлылардың Қауыншы мәдениетіндегі жерлеу дәстүрінің ерекшелігін: Киімімен жерлеу
58. Ортағасырларда жалайырлар туралы мәлімет берілген дерек көзі: Монғол шежірелері
59. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы: 1382 жыл
60. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібекті барынша қолдаған хан: Моғолстан ханы
61. XV-XVI ғасырлардағы Моғолстан, Қазақ хандығы жайында құнды тарихи, географиялық мәлімет беретін шығарма: «Тарих – и – Рашиди»
62. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайырдың жеке дара билік құра бастауы: XVIII ғасырдың 20- жылдарынан бастап
63. 1847 жылы Қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің сұлтаны: Рүстем
64. Ұлы жүздегі Таушүбек (Тойшыбек, Тайшүбек) бекінісін орыс әскерлері қантөгіссіз басып алған жыл: 1851 жыл
65. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес әскери-губернаторлар басқарды: Облысты
66. ХХ ғасырдың басында Успен кенішінде құрылған ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
67. 1941 жылы көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» студиялары жұмыс істеген қала: Алматы
68. Е.Бекмаханов ақталып шықты: 1954 жылы
69. Қазақстанда «мәдениет жылы» деп жарияланды: 2000 жыл
70. Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі: Б.з.б 3-2 мыңжылдықтар аралығы
71. Абыз асатаяғының бөліктері табылған ескерткіш: Аралтөбе
72. XVIII ғасырдың терең ойлы мол өсиет қалдырған «Көмекей әулие» атанған жырау: Бұқар жырау
73. Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті басшысы: Исатай Тайманұлы
74. Метрополия сөзінің мағынасы: Отарлары бар мемлекет
75. 1967 жылы Қазақстанда жаңаша жұмыс істей бастаған кәсіпорындар саны: 193
76. XІX ғ. І - жартысында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған экспедицияға кім қатысты? Г.С.Карелин.
77. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: Оңтүстік Қазақстан
78. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауыт: Ертіс химия-металлургия зауыты
79. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық жоспар қай жылы наурыз айында қабылданды? 1946 ж.
80. Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер: үй-жайлардың іші
81. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене: Көккесене
82. "Орыс-қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдары
83. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай: Терімшіліктің дамуы
84. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы: Құдіретті еркектер
85. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы: Диодор
86. А.Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс: Шыңғыс болысы
87. А.В Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді: 1932ж.
88. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан: Тоғылық Темір хан
89. Қазақтың инженер-геологы, белгілі ғалымы: Қ.Сәтбаев.
90. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны: 100 мың.
91. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату
92. XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
93. XXғ. 20-шы жж. әйелдер мәселесіне байланысты кеңес өкіметінің шаралары: Қалың малды алып тастау.
94. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты: 1219-1220
95. 1937 ж. Қаз.КСР-нің Конституциясы бойынша Қазақ КСР-ң саяси негізі: Еңбекшілер депутаттарының Кеңесі.
96. 1919-1920 жж. Казревком Қазақстанда қандай билікті қолға алды? Әскери-азаматтық билікті.
97. "Тотемизм" дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.
98. 1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін өртеп жіберді
99. Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі: 1932 жылдың көктеміне қарай
100. 1965 жылғы шаруашылық реформасының нәтижесінде: Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігі ұлғайды.
101. Семейдегі кадеттік газет: «Еркін сөз» («Свободная речь»).
102. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің
103. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атады? Половецтер.
104. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша: 3 қанатқа бөлінген
105. Сырдария бойындағы қола дәуіріне жататын Түгіскен кесенесі қандай затпен салынған: Күйдірілмеген кірпіш